Мемлекет басшысы елшілерге тапсырма берді
2019 ж. 10 қыркүйек
1471
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үндістан, Швейцария мемлекеттеріне жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілері Ерлан Әлімбаев пен Әлібек Бақаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы Ерлан Әлімбаевқа Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты нығайтуды, сондай-ақ, туристік бағыттағы байланысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, Алтын Орданың 750 жылдығына және басқа да айтулы шараларға басымдық беру керектігін атап айтты.
Ал Әлібек Бақаевқа Швейцариямен осыған дейін қалыптасқан саяси, сауда-экономикалық қатынасты жаңа деңгейге көтеру тапсырылды.