Исраил САПАРБАЙ: АЛАШ ҰҒЫМЫ олар үшін мүлде бейтаныс қой...

«Ақ жол» партиясы Алаш аманатын арқалағаннан кейін ел елең еткен еді. Оған партиядағы елге белгілі ұлт зиялылары да дем берді. Ақырында не болды? Ел шулап жатыр. Тілектестер күйінуде. Табалаушылар да аз емес.. Қазақша дұрыс сөйлей алмайтын оларды –­ сегіз депутаттың бірін де білмейді екенмін. Олар  Алаш дегеннен, ұлттық мүдде дегеннен мақұрым екені анық қой... Бұл ұғымдар олар үшін мүлде  бейтаныс екенін ел анық біледі. Олар мысалы, партия атынан емес, өз аудандарынан түссе, өте алар ма еді депутаттыққа? Міне, мәселе қайда жатыр? Ең болмаса, Қазыбек, Айталы, Бөріхандар өтуі тиіс еді. Мен бәйгеге дайын, бағы келіссе, бабы келіскен Қазыбектей дүлдүліміз түсіп отырған соң, аттың басын тартып, кейін құжаттарымды өткізбеген едім. Олай болмады. Алаш идея­­сына, ұлт зиялыларына сеніп, дауыс берген елдің тілегі далада қалды. Енді біз де қарап қалмай, бір шарасын жасармыз деп ақылдасып жатырмыз.