Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды
2019 ж. 02 қыркүйек
2024
0
ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шолпан Каринова 1972 жылы дүниеге келген.
2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.