Азат Перуашев: «ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН ПАРТИЯНЫҢ МӘЖІЛІСТЕГІ ДЕПУТАТТАРЫН ӨЗГЕРТЕМІЗ»

«Ақ жол» партиясының төрағасы әрі мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Қаржы дағдарысын еңсергеннен кейін мәжілістегі «Ақ жол» партиясының атынан барған депутаттарды ауыстыруымыз мүмкін», деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, әлем елдерін соның ішінде АҚШ пен Еуропаның өзін теңселтіп жатқан қаржы дағдарысынан ұлттық экономиканы құтқарып қалу үшін партияның орталық кеңесі мәжіліске экономика саласын білетін кәсіпкерлерді өткізген. Мұның алдында «Ақ жол» партиясынан тек қана кәсіпкерлердің мәжіліс депутаттығына өткені аталған партия мүшелері мен қоғамның сынына ұшыраған болатын.

                                                                                       Араша-абай.кз 20.01.2012ж