Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды
2019 ж. 27 тамыз
2200
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.
"Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Осы қызметті атқарған Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
"Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.