Мемлекет басшысы белгілі кәсіпкер Исламбек Салжановты қабылдады
2019 ж. 21 тамыз
2911
0
Мемлекет басшысы «Алтын Қыран» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық IT саласындағы негізгі трендтер талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бизнестің белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.