Мұхтар Жәкішев: «Сыбырлап айтылған шындық қатты әрі жаңғырып естіледі»
2019 ж. 25 шілде
3679
5
"Өз шешімін заң негізінде қабылдаған кезде ғана судьяны «Жоғары мәртебелім» деп құрметтеуге болады"
Семей қаласында Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын босату туралы сот отырысы өтті. Судья сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. «Қамшы» Мұхтар Жәкішевтің соттағы сөзін оқырман қауымға ұсынды.
Судья мырза, бұл менің соңғы 10 жыл ішіндегі алғаш рет ел алдына шығуым. Сондай-ақ бұл менің қатысуыммен өткен бесінші сот отырысы екенін айтқым келеді. Осыдан 10 жыл 2 ай бұрын өткен алғашқы сот отырысы кезінде судья маған санкция жариялап, әскери сотта қамайтынын мәлімдеді. Мен «әскери сотқа қандай қатысым бар екенін сұрағанымда, «Қазатомөнеркәсіп» әскери күшке қатысты тауарлардың барын айтты. Бірақ «Қазатомөнеркәсіпте» ешқашан қарулы күшке қатысты тауар болмады. Мен, әрине, кім, қашан деп сұрақ қойғанымда «мұндай ақпарат бере алмаймыз» деп жауаптан жалтарды. Бұл менің біздің сотпен алғашқы танысуым еді.
Екінші сот отырысы. Судья үкімі мен куәгерлердің айтқанымен де сәйкес келмеді. Сонымен қатар судья маған «Жоғары мәртебелім» деп сөйлеу керектігін айтқан. Бірақ мен «судья мырза» деп атауды жалғастырдым. Бірақ ол да бұлай атауға лайық болмады.
Үшінші сот отырысына мен жартылай қатыстым десем де болады. Маған қандай айып тағатындары ғана қызық болды. Бірақ сонда да түсіне алмадым. Мені «Қазатомөнеркәсіп» ешқандай зауыт салмады, тауарларды өз бағысынан жоғары бағаға сатып алды деген айып тағылды. «Қазатомөнеркәсіп» өз бетінше құбыр зауыттары мен темір жол салу қажет еді. Сонда ғана барлығын өз бағысымен ала алады. Бірақ тергеу нәтижесі өз бағасы мен сатушының маржасының арасындағы айырмашылықты «Қазатомөнеркәсіптің» шығыны деп көрсеткен. Мен өз кезегімде ҚР президентінің бұл іске тыйым салғанын айттым. Яғни мен құбыр зауытын, темір жол мен қышқыл зауытын сала алмаймын, Себебі бұл жұмыстар басқа адамдарға міндеттелген. Бұл «Қазатомөнеркәсіптің» негізгі қызметі емес. Сол себепті мені зауыт салмады, тауарды өз бағасынан жоғары бағаға сатып алды деп айыптау – біртүрлі. Біз сотта осы мәселелердің бәрін түсіндіре бастағанда, залал туралы құжаттарды дайындаған сарапшылар сотта бұл залал емес, мәмілені реттеу екенін мойындаған болатын.
Бірақ шағымдар кейінірек пайда болды. Қапшағайдың бір жерінде, белгісіз бір судья шығын ретінде танылмаған есептеулерді алып, атқару парағына ауыстырған. Бұл сотқа мен де, менің қорғаушыларым да қатыспады. Сондай-ақ бұл туралы мен жақында ғана білдім.
Төртінші сот отырысы былтыр осы залда өтті. Аталмыш сот отырысында менің мерзімімнен бұрын босату туралы ғана сөз қозғалды. Жоғарғы Соттың шешіміне сәйкес, егер сотталған адам ауруына немесе еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыс істей алмаса, сот талап-арызы шартты түрде мерзімінен бұрын бас тартуға негіз болып табылмайды. Жай ғана менің қаншалықты ауыратыным мен жұмыс істеуге мүмкіндігімді анықтау керек болған. Бірақ сот басқа жолды таңдады.
Аталмыш сот отырырыстары бір ғана нәрсені айғақтап тұр. Шындықтың жоқ екенін. Шындықтың жоқтығы, өкінішке орай, біздің ар-ожданымызбен, ішкі көзқарасымызбен шешім қабылдап, қадам жасауымызға кері әсерін тигізеді. Шындық – ауру емес. Оны қолдан жасауға да, жұқтыруға да болмайды. Шындық әрқайсымыздың ішкі жан-дүниемізде. Әрқайсымыз таңдау жасауға құқылымыз. Сыбырлап айтылған шындық қатты әрі жаңғырып естіледі.
Біз бірге дұрыс таңдау жасап, оң шешім шығарады деп қатты үміттенемін. Тіпті Бас прокуратураның формасын киген адамның өзі ақиқат пен шындықтың жағынашыққан өз әріптесіне құрметпен қарайтын болады. Олар өз шешімін ақиқат пен заң негізінде қабылдайтын және осы шешімдерді тек бір жерден қоңырау шалумен емес, өзінің абыройымен ғана үйлестіретін судьяға үлкен назар аударады.Сол кезде ғана кез келген азамат әрбір судьяға «Жоғары мәртебелім» деп құрметтейтін болады. Міне, осындай таңдау жасаймыз деп үміттенемін. Егер бұлай болмаса, мен сәттілік тілейтін бір адам айтпақшы, біз және балалаларымыз үшінші әлемде екінші сорттағы адам болып қала береміз және олар мәңгі әрі үмітсіз дами береді. Менің айтарым осы.