Көкжал кешірім сұрамайды
2019 ж. 25 шілде
6465
4
Жәкішев бостандыққа шыға алмады. Дұрысы шығармады. Сотта судьяның “осужденный Жакишев” деген әр сөзі сайын Мұхтар қалбалақтап атып тұрады. Көмейіме өксік тығылып, жылағым келді. Халықтан, қоғамнан, жаңа Президенттен үлкен үміт күткені жаутаңдаған жанарынан көрініп тұр.
Судья шешімді оқи бастағанда бәз-баяғы қайсар қалпына келіп алды. Жүйеден кешірім болмайтынын түсінді. 10 жыл не үшін отырғанын өзі де білмейді. Сұмдық қой.
Жәкішевтің бар “кінәсі” қазақ уранын Ресейсіз-ақ қазақ өзі сата алатынын дәлелдеді. Әлемдік рынокта біздің уран саласы көшбасшы болды.
Екінші “күнәсі” Мұхтар Әбіләзовке Назарбаевтан бостандық сұрап, гарант болғаны. Соңының не болғанын бәрі біледі.
Біздің соттың да, саясаткерлердің де, журналистердің де айта алмай отырғаны осы екі себеп.
Қалғаны бәрі Ертегі…
Оңғар ҚАБДЕН,
Фейсбук парақшасынан