ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
2019 ж. 23 шілде
3012
0

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.
Ахметжан Пірімқұлов осыған дейін ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.