Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

Тимур  Сүлейменов ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалған.

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", — деп жазылған мемлекет басшысының ресми сайтында.

Тимур Сүлейменов әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ол ұлттық банк төрағасының орынбасары ретінде қызметке кірісіп, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.