Аида Балаева Президент көмекшісі болып тағайындалды
2019 ж. 22 шілде
3312
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын»,-делінген Жарлық мәтінінде.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.