Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады

Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.