Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болды
2019 ж. 01 шілде
2094
0
Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті таныстырды», - деді ол.
«Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып Бауыржан Байбек тағайындалды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев осы қызметті атқарған Мәулен Әшімбаевқа жасаған жұмысына ризашылығын білдіріп, саяси ұйымның алдында үлкен міндеттердің тұрғанына партиялықтардың назарын аударды», - делінген партияның ресми сайтында.