Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыс әкімдері тағайындалды
2019 ж. 17 маусым
3082
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, деп хабардайды Ақорда.
***
Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек - Алматы қаласының әкімі; Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі;
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев - Ақмола облысының әкімі;
Оңдасын Сейілұлы Оразалин - Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов - Алматы облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев - Атырау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Жамбыл облысының әкімі;
Ерлан Жақанұлы Қошанов - Қарағанды облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов - Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі;
Болат Жұмабекұлы Бақауов - Павлодар облысының әкімі;
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев - Түркістан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы
17 маусым
№ 22