Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымына тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кәрім Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

***

К.Қ. Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Қ.Тоқаев    

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2019 жылғы  12  маусым  

№  7