Мен Қазақстанның толыққанды президентімін – Тоқаев «билік транзиті» жайлы
2019 ж. 11 маусым
3196
1
Ақордадағы брифинг кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «сайлаудың қорытындысын толық «билік транзиті» деуге болады ма?» деген шетелдік журналистің сұрағаны жауап берді, - деп хабарлайды baq.kz.
Мемлекет басшысы «транзит» деген сөзге қарсы екенін айтты. «Мен ресейлік БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенде «қазақша транзит» дегенді кішкене түсіндіріп кеткен болатынмын. Транзит деген не? Демек мен транзиттік жолаушымын ба, әлде жолшыбай адаммын ба? Жоқ, мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды президентімін деп есептеймін. Мен жолаушы емеспін. Пойызды, ұшақты ауыстырайын деп отырған жоқпын, қозғалып бара жатқан ешқандай құралға ауысып отырайын деп отырған жоқпын. Сондықтан бұл сөзді доғарайық. Сайлау өтті, президент сайланды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қорытындысы бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетті.