Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
2019 ж. 10 маусым
1590
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі ұстанымы жалғаса беретінін айтты.
Қазақстан Президенті Ресей Президентін алдағы Ресей күні мемлекеттік мерекесімен құттықтады.