Қасым-Жомарт Тоқаев: Билік пен халық арасында диалог болуы тиіс
2019 ж. 07 маусым
3599
4
"Халықтың өмір сапасын арттыру - біздің басты назарымызда". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды.
«Қордаланған мәселелер - жаңа шешімдер. Халықтың өмір сапасын арттыру - біздің басты назарымызда. Қазақстан азаматтарын озық біліммен, қолжетімді медицинамен, таза ауыз сумен, сапалы жолмен қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жүзеге асыруымыз қажет», - деп жазды Тоқаев.
Сонымен бірге, Президенттің жазуынша елде билік пен халық арасыда ашық диалог орнауы керек.
«Бұл міндеттерді шешу үшін билік пен халық арасында диалог болуы тиіс. Біз бұл диалогты міндетті түрде орнатамыз. Қоғамда тәртіп пен үйлесімді дамуды қамтамасыз етеміз», деп жазды Мемлекет басшысы.