Ұлттық бюро Білім және ғылым вице-министрін тергеп жатыр
2019 ж. 07 маусым
3276
3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Вице-министрдің ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро растап отыр. «Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпаратты кейінірек таратамыз», - деп хабарланды ұлттық бюроның баспасөз қызметінен.