Абзал Құспан: Ислам Әбішевке қысым көрсетілуде
2019 ж. 31 мамыр
5600
6
Ислам Әбішевке қысым көрсетілуде Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған Ислам Әбішевтің адвокаты, белгілі заңгер Абзал Құспан құзырлы орган тарапынан оған қысым көрсетілгені туралы мәлімдеді.
- Ислам Әбішев 14 наурыз күні ауруханаға жатайын деген кезде қамауға алынған болатын, жүрегіне байланысты. Содан бері ол дәрігерге көрінуді сұрап келе жатыр. Заң талаптарына сәйкес, денсаулық жағдайы нашарласа оны дәрігерге көрсету көзделген. Қаратпаған жағдайда - қорлау болып есептеледі. Қамалғалы бері, екі жарым айдан кейін ғана, 28-мамыр күні оны кардиологке консультацияға алып барған. Үш конвоир, тексеруші дәрігер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросынан подполковник шеніндегі Жәрдем деген тергеуші, барлығы форма киіп алып, аядай бөлмеде дәрігердің үстінен төніп алып, қарап тұрды. Дәрігер сасқалақтап, не істеп, не қойғанын білмей қалды. Ислам Алмаханұлы дәрігер қабылдауынан шыққан соң әлгі тергеуші қайта дәрігерге кіріп, 15 минуттай сөйлескен. Бұл айқын қысым көрсету болып табылады. Ислам Әбішев зейнет жасындағы, түрмедегі ең жасы үлкен адам. Ал дәл осындай айып тағылған министрдің екі орынбасары қазір үйқамақта отыр. Ислам Әлмаxанұлын денсаулығы нашарлап бара жатса да, үйқамаққа шығармай отыр -деп мәлімдеді Ислам Әбішевтің адвокаты Абзал Құспан.