Президенттікке кандидаттардың пікірталасы: қашан, қаншада, қай арнада

Қазақстан президентіне үміткерлердің пікірталасы 29 мамыр күні сағат 18.00-де "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Талқылаулар үш кезеңге бөлінеді, - деп хабарлайды sputniknews.kz.

Теледебаттың бірінші кезеңі

Бірінші кезеңнің тақырыбы – "Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтары". Ол екі айналымды қамтиды, деп жазылған телеарнаның хабарламасында.

Бірінші айналымда әрбір кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыруы керек. Екінші айналымда қатысушылар   қарсыластарына екі сұрақтан қоя алады, сондай-ақ екі сұраққа жауап береді.

Теледебаттың екінші кезеңі

Екінші кезеңнің тақырыбы – "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы". Бірінші айналымда президенттікке кандидаттар тақырып бойынша сөз сөйлейді, ал екінші айналымда жүргізушінің бір сұрағына жауап береді.

Теледебаттың үшінші кезеңі

Үшінші кезеңнің тақырыбы – "Сайлаушыларға сөз". Президенттікке үміткерлер Қазақстан халқына үндеу жасайды.

Президенттікке кандидаттардың пікірталасын кім жүргізеді

Пікірталас "Қазмедиа орталығы" медиакешенінде өтеді. Пікірталасты тележүргізушілер Ерлан Игісінов пен Қымбат Досжан жүргізеді.

Қазақстан президенті сайлауы қашан өтеді

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат сайлауға түседі:

  • Қазақстанның коммунистік халықтық партиясынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясының өкілі Төлеутай Рахымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясының өкілі Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен Сәдібек Түгел.