Жалғандықтың жонынан таспа тілген!

0
2191

 

Қоғам қайраткері, адуынды ақын, салиқалы саясаткер Қазыбек Исаның туған күніне

Қаршадай қауымдасқан жас қаламмен,
Аршадай жолын ақын ашқан әнмен…
Тағдырға тоқымалы өкпеміз жоқ,
Табысқан Қазыбектей жақсы ағаммен!

Жалғандықтың жонынан таспа тілген,
Жырлары алысқандай хас батырмен…
Өлеңнің киесіне басымды идім,
Сырласқан Қазыбектей жақсы ақынмен!

Биікте бағындырған байсал белең,
Болмысына жарасар «қайсар» деген…
Қазақтың ұлтшылының ұстамы зор,
Мүдделес Қазыбектей жайсаңменен!

Арманын ұштастырған ұлықты елмен,
Мұзтауына күрестің шығып көрген…
Ұлтымыздың мұраты мұқалмайды,
Жігерлі Қазыбектей жігіттермен!

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз