ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҰЙЫМ
2019 ж. 04 сәуір
3332
0
2008 жылғы 20 қазанда елдің Тұңғыш Президенті елдің саяси жүйесінің толыққанды субъектісі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын заңды түрде бекітетін Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойды. Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған. Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру үдерісінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Төменде сондай кейбір мәдени орталықтар туралы ақпарат ұсынылып отыр.
«Озан»
1995-ші жылы Алматыда құрылған Әзірбайжан этномәдени бірлестігі – Қазақстандағы әзірбайжан этносының алғашқы ұйымы. Қазіргі таңда Қазақ еліндегі әзірбайжандардың саны 130 мыңнан асып жығылады.
2000 жылы мәдени орталық әзірбайжандардың «Тұран» Конгресіне айналды. Оны Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Абульфас Хамедов басқарды. Қоғамдық бірлестіктің атауы ескі түркі тілінен алынған. Кезінде ежелгі замандарда қазіргі Әзірбайжанның аумағын да қамтыған Орта Азиядағы мемлекет осылай аталған еді.
Қазіргі уақытта әзірбайжандардың «Озан» этномэдени бірлестігінің қатарында 300-ге жуық адам бар. Олардың ішінде бірлестіктің мүдделері үшін белсенді әрі нәтижелі түрде қызмет етіп жүрген адамдар көптеп саналады.
Әзірбайжандардың этномэдени бірлестігінің басты мақсаттары –ұлттық дәстүрлерге қолдау көрсетіп,оларды дамыту, әзірбайжан халқының салт-дәстүрлерін сақтауға аталысу, тарихи Отаннан алыс жерде өз тілі мен мәдениетін дамытып, Қазақстан Республикасындағы әзірбайжан диаспорасының әлеуметтік жағынан қорғалмаған өкілдеріне жәрдем ету. Этномәдени бірлестіктің алға қойып шешіп жатқан басты тапсырмалары баршылық. Біріншіден, бұл XX ғасырдың екінші жартысында қолданыстан шыға бастаған олардың ана тілі – әзірбайжан тілінің қолданыс аясын кеңейту. Екіншіден, өздерінің арасында мемлекеттік қазақ тілінің қолданыс аясын ұлғайту. Әзірайжандардың өздері мойындағандай,
мемлекеттік тіліміз олардың Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі диаспорасының өкілдері тарапынан жеткілікті түрде игерілмеген. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін этномэдени бірлестіктің құрамында жексенбілік мектеп ашылған. Бұл мектепте әзірбайжан жастары мемлекеттік және ана тілі мен әзірбайжан әдебиетін, әзірбайжан этносының тарихы мен дәстүрлерін жэне өнерін оқып үйренеді.
«Луйс»
Қазақстанда армян этномәдени бірлестігін құруға дайындық жиырма жылдан аса бұрын басталды. Бұл дайындықтың басы-қасында қауымдастықтың ақсақалдары болды. 1996 жылдың 5 сәуірінде бірлестік «Луйс» армян мәдени орталығы» деген атпен тіркелді. «Луйс» қазақ тіліне аударғанда «Жарық» деген мағынаны білдіреді.
АЭБ-ның құрушысы – Альберт Захарович Погосян. Ал этномэдени бірлестіктің алғашқы төрағасы Степан Гегамович Саркисян еді.
Қазіргі таңда бірлестікте үш жүзге тарта адам тіркеуде түр. Олардың отыздайы ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарып жүрген белсенділер болып табылады. Сондай-ақ ұйымның жастар қанаты да жұмыс істейді. Олар басқа да этномэдени бірлестіктердің жастарымен белсенді түрде тізе қосып қимылдап, тығыз қарым-қатыстарды ұстап келеді.
Белсенділер мен жастар қанатының жиналыстары және эдеби кештер жиі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда «Луйс» армян этномэдени бірлестігінің өзінің жеке ғимараты бар. Бірлестіктің құрылғанынан бері қаншама жыл бойы осы жерде мемлекеттік тіліміз бен армян тілін және армян этносының тарихын үйрететін жексенбілік мектеп қызмет атқарып келеді. Сонымен бірге бірлестіктің шығармашылық және өнер жағынан әлеуетін «Наири» би-хореографиялық ансамблі және даңғыра тартуды үйрететін музыкалық топ танытып жүр.
«Луйс» армян этномэдени бірлестігінің мақсаты – ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту мен Қазақстанның рухани жағынан бай болып келетін мәдениеті мен тарихына армян халқының ерекше құндылықтарын, оның дәстүрлері мен мәдениетін енгізу болып табылады.
«Ариана»
«Ариана» – Ауған этномәдени бірлестігі. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұрыпжатқан ауған этносының өкілдерініңқұндылықтары мен дәстүрлерін, тілі мен мәдениетінсақтау және дамыту.
Этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді және бірлестік Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылында ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға қатысады. «Ариана» бірлестігі ауған этномэдени бірлестігінің бағдарламалары мен жобалары:
жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, этностың тұрмысы төмен өкілдеріне жәрдем көрсету, ауған этносы азаматтарының түрлі салалардағы мүдделерін қорғау, ауған этностық өкілдеріне заңдық және құқықтық көмек көрсетіп, ауған тілдеріндегі құжаттамаларды мемлекеттік тіл мен орыс тіліне тегін аударып, симпозиумдар мен семинарларды, конференциялар мен дөңгелек үстелдерді, таныстыру рәсімдері мен көрмелерді ұйымдастыру.
«Ариана» ауған этномәдени бірлестігінің құрамында жексенбілік мектеп те бар. Бұл мектепте диаспораның өкілдерінің балалары ана тілін, ауған салттары мен дәстүрлерін, ауған мәдениетін үйренеді. Этномәдени бірлестіктің құрамында көркемөнерпаздар ұжымдары және спорттық секциялар ұйымдастырылған. Бірлестіктің құрамында жастар «қанаты» құрылған. «Жастар қанаты» тәжік, өзбек, қырғыз, татар және түрік этномэдени бірлестіктерінің жастар бөлімшелерімен тығыз байланыс жасап, бірге әрекет етеді. «Жастар қанаты» Қазақстан Республикасының этномәдени бірлестіктерінің жастар ұйымдары көшбасшыларының үйлестіру кеңесімен бірігіп жұмыс істейді.
«Беларусь»
1992 жылы бастамашыл топтың жиналысында ұйымның «Беларусь»ұлттық-мәдени бірлестігі» деген атауы бекітіліп, бірлестік кеңесі сайланды. Бастамашыл топтың қүрамына П.А.Атрушкевич, Е.П.Иванов, М.М.Каледич, Е.А.Юриков, В.Л.Гульницкий, Е.А.Мойсейчик, Л.Н.Питаленко, А.Ф.Цеховой, Л.И.Подольский, П.А.Жукович және басқалары кірді.
Қазақстандағы белорустардың бірінші қоғамдық бірлестігінің қызметі республикада өмір сүріп жатқан этникалық белорустар туралы мәлімет жинаудан басталды. Бұл мақсатта баспасөз құралдарында бірлестік туралы мәлімет басылып, кездесулер өтетін уақыт пен орны белгілен-ді. Уақыт өте Орталықтың аты шығып, жерлестер құрамы кеңейіп, Қазақстан мен Белоруссиядағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, Қазақстан Республикасындағы Белорусь Республикасының елшілігімен байланыс орнатылды.Орнатылған байланыстардың арқасында тілек білдірушілер құқық, жұмысқа орналасу, кіші бизнесті ұйымдастыру, білім мәселелері бойынша көмек алуға мүмкіндік жасалды.
1995 жылы «Беларусь» этномэдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясына кірді.
«Саяны»
«Саяны» бурят этномәдени бірлестігінің негізгі мақсаты – бурят тілін сақтау, бурят этносының салттары мен дәстүрлерін сақтап дамыту. Бурят этномәдени бірлестігі өзінің қызметімен Қазақстанның мемлекеттік ұлттық-мәдени саясатын жүзеге асыруға және
Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға қолдау көрсетеді.
«Саяны» бурят этномэдени бірлестігі Қазақстан Республикасы мен Бурят Республиксаының арасындағы мәдени және ұлттық байланыстарды нығайтуға, Байқал көліндегі туристік байланыстарды дамытуға атсалысады. Сонымен қатар Қазақстан мен Бурят республикасының арасындағы мәдени-ақпаратгық алмасуларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар да жүргізіліп келеді. Буряттар туралы сюжеттер мен фильмдер түсіріліп, газеттер мен журналдарда басылымдар шығып отырады.
«Саяны» этномэдени бірлестігінің мүшелері – қазіргі кезде Алматы қаласында тұрып жатқан Бурятия Республикасының, Иркутск облысының Күнгей Байқал өлкесінің тумалары.
Бурят этномәдени бірлестігінің жоспарларын жүзеге асыруда оған Ұлы Отан соғысының ардагері Цыден Сосорбармаев, әскери медициналық қызметтің полковнигі Петр Дмитриев, өндірістік жобалардың сәулетшісі Дора Ищанова, дәрігер Людмила Ахметжанова, педагогтар Галина Есболғанова және Цыжидма Хван белсенді түрде көмектесіп отырды. Әсіресе Цыжидма Хван бурят этномэдени бірлестігінің жастарына ана тілін үйретіп, бурят ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыруда көп еңбек сіңірді.
«Саяны» бурят этномәдени бірлестігінің де жастар қанаты жұмыс істейді. Оның мүшелері халықаралық бурят фестивальдеріне бірнеше мәрте қатысты.
Сондай-ақ бурят этномэдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының концерттік бағдарламаларына да белсене қатысып отырады.
Мадиярлар
Алматы қаласының Венгр этномәдени бірлестігі – Алматы қаласында тұрып жатқан венгр ұлтының және венгр мәдениетіне қызығушылық білдіруші басқа ұлттардың өкілдерін ерікті түрде біріктіріп отыр. Этномәдени орталық өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақын болғысы келген, бірақ тағдырдың тәлкегі мен кездейсоқ жағдайларға байланысты өзінің тарихи Отанынан мыңдаған шақырым жырақта – біздің елімізде тұрып жатқан этникалық венрлерге арналған.
Бірлестіктің мүшелері венгр ұлттық мәдениетінің жаңғыртылуы мен дамьггылуына, венгр халқының салтгары мен дәстүрлерінің сақталуына атсалысады.
Бұл этномәдени бірлестікті ұлттық тұрғыдан өзін-өзі тануға ғана емес, сонымен бірге барлық қазақстандықтарға венгрлер туралы мәлімдеп беруге құлшынатын адамдар құрғаны түсінікті. Өйткені баяғы СССР аумағындағы венгр этносы туралы ақпарат жоқтың қасында болғандықтан, біздің елімізде бұл халық туралы білетіндер әлі де аз.
Орталықтың міндеттері мен мақсаттары көп түрлі болғанымен де, бір мүддеге бағынады. Яғни, бірлестіктің басты мақсаты – Қазақстан мен
Венгрияның ғылым, мәдениет, экономика және білім салаларындағы достық қарым-қатынастарын нығайту.
Бұның бәрі Қазақстан Республикасындағы Венгрияның елшілігі арқылы байланыстарды орнатусыз мүмкін болмас еді. Қазақстандағы Венгр Халық Республикасының елшілері: Торма Иожефпен, Шандор Шимичпен, Яцкович Миклошпен, Янош Неметпен, Балла Яношпен, сондай-ақ Имре Ласлоцкимен және елшілік пен консулдықтың басқа да қызметкерлерімен танысулар мен кездесулер әрқашан өте жылы шыраймен өзара түсінісушілікпен тұрақты түрде өтіп тұрды.
Одан соң венгр ағайындарды Қазақ елі ежелден «өзіміздің қандастарымыз, біздің мадиярлар» деп өте жақын тұтатыны көп жағдайды аңғартса керек.
«Эос»
Алматы қаласы Грек ұлттық мәдени орталығының 1989 жылы болған Құрылтайшылық жиналысына үш жүзге тарта адам қатысты. Бұл жиналыста Георгий Георгиевич Адамовтың басшылығымен ұйымдастыру комитетіне үміткерлер туралы мәселе талқыланды.
Бұл тізімге: Федор Барзали, Валерий Такмазов, Юрий Калаиджиди, Лаки Кесоглу, Фемистокл Параскевопуло, Спиридон Космериди, Валерий Констаниди, Панаёт Хрисохоиди, Павел Федороиди, Марклен Чатулов, Янис Калаиджиди және Эдуард Сивриди кірді.
Құрылтайшылық жиналыстың №10-шы хаттамасының негізінде Халық депутаттарының Алматы қаласы кеңесі атқару комитетінің 1989 жылдың 21-ші маусымындағы Алматы қаласының «Эос» грек мәдени орталығының тіркелуі туралы № 8/240 шешімі қабылданды.
«Эос» орталығының атауы грек мифологиясынан алынған. «Таңғы арайдың әйел құдайы» деген мағынаны білдіреді. Грек этномәдени бірлестігі Алматы қаласының гректерін демократиялық өзгерістер процестері мен қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде қатыстыру үшін құрылған.
Бірлестіқ мәдени-ағарту қызметімен, ұлттық өзіндік сананы, тіл мен мәдениетті дамытуға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан гректердің салттары мен дәстүрлерін сақтаумен айналысады. «Эос» грек этномәдени бірлестігі республикамыздың басқа аймақтары мен шет елдердегі грек қоғамдары мен орталықтарымен жэне Алматы қаласындағы басқа этномәдени бірлестіктермен өзара бірлік пен қызметтестікті дамытып келеді.
Грек орталығының этномәдени бірлестігінің қызметі Қазақстан Республикасының ұлттары мен халықтарының ұлттық мәдениеттерінің өзара бір-бірін байытуға бағытталған. Қазақстандағы грек этностарының отбасыларында әлі күнге шейін ұлттық салт-дәстүрлер мен рәсімдер сақталып келеді. Сонымен бірге гректердің отбасыларында ата-ана мен қарт адамдарға құрмет көрсету де бар.
«Тбилиси»
«Грузин этномәдени бірлестігі ҚБ» Алматы қаласында тұрып жатқан грузин диаспорасын біріктіру үшін құрылған. Сол кездегі Алматы қаласындағы грузин диаспорасының ұзын саны шамамен 200-дей отбасы еді. Алғашқы меңгерушісі республикада атақты болған дәрігер-онколог Нина Чичуа болды. Кейін оны Тимур Гоголадзе мен Ба-дри Баканидзе,Тариэл Гахария басқарды.
Қазіргі таңда бірлестік мүшелерінің қатарында халықтың түрлі топтарының өкілдері бар. Олар кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер мен жастар.
Бірлестіктің белсенді мүшелері ұлтаралық келсім мен татулықты нығайтуға арналған және барша қазақстандықтарды грузин халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруға арналған түрлі іс-шараларды сәттілікпен өткізіп келеді.
Грузин этномәдени бірлестігінде түрлі ұлттардан шыққан бозбалалар мен бойжеткендерді біріктіріп отырған «Тбилиси» атты би және ән ансамблі қызмет етеді. Сонымен бірге орталықта ұлты мен жасына қарамастан түрлі халық өкілдерінің, оның ішінде грузиндер мен қазақтардың, ингуштардың грузин халқының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін үйреніп жүрген жексенбілік мектеп те бар. Ал «Достық» үйінің қарамағында мемлекеттік тілдің курстары жұміс істейді. Бұл курстарға грузин ұлтының өкілдерімен бірге қаладағы басқа да этномэдени бірлестіктердің өкілдері де куана-қуана барып жүр.
Грузин этномәдени бірлестігінің жастар қанаты әруақытта болып тұратын барлық салтанатты әрі мәдени іс-шараларға белсене қатысып тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясының маңындағы «Жарасым» жастар ұйымы қызметінің аясында ортақ флэшмобтар мен концерттер өткізіліп келеді.
Этномәдени бірлестік Алматы қаласы билігінің атқарушы органдарымен бірге көші-қон саясаты мен Қазақстан аумағында жүрген Грузия азаматтарының және Қазақстан азаматтығын алған грузиндердің құқығын қорғау жұмыстарын да атқарады.
«Щинсын»
Алматы қаласының Дүнген этномәдени бірлестігі Қазақстанның Тәуелсіздігі қарсаңында құрылды. Оны дүнгеннің аға буынының белсенді ардагерлері құрды. Олар тілшілер мен музыканттардан, мұғалімдер мен жазушылардан және ғылым қайраткерлерінен құралған дүнген зиялылары еді.
«Щинсын» Дүнген этномәдени бірлестігінің негізгі мақсаттары –дүнген халының ерекше салт-дәстүрлері мен мәдениетін сақтап қалу, ана тілін қайта жаңғыртып дамыту, жастармен арадағы тәрбие жұмыстарын жалғастыру, білімді дамыту, дүнген халқының әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Сонымен бірге бірлестік еліміздің мемлекеттік және басқа құрылымдарда дүнген халқының мүдделеріне өкілдік етеді. Этномәдени бірлестік Қырғызстанның, Өзбекстанның және Қытай Халық Республикасының дүнгендерімен тығыз қарым-қатынасты жалғастырып келеді.
Алғашқы ұйымдастыру іс-шаралары тілші С.Янлосының бастамасымен жасалды. 1989 жылдың 27 тамыз күні дүнген этносының жиналысында Дүнген этномәдени бірлестігінің Бағдарламасы мен Жарғысының жобасы мақұлданып қабылданды. Сол жылдың 12 қарашасында Дүнген этномәдени бірлестігінің І-ші қүрылтай конференциясы болды. Конференцияда сөз сөйлегендер дүнген этносының өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдарын тілге тиек етіп, талқыға салды. Дүнген этносының даму проблемалары туралы ғалымдар, педагогтар, өнер қайраткерлері, түрлі мекемелердің өкілдері, соғыс ардагерлері өз ой-пікірлерін айтты. Композитор Бакир Яхиянович Баяхунов орталықтың алғашқы төрағасы болып сайланды.
Қысқа уақыттың ішінде Алматы қаласы мен Алматы және Жамбыл облысының елді-мекендерінде аумақтық кеңестер құрылды. Ақырында Қазақстан Дүнгендерінің қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың орналасу орны Жамбыл облысының Қордай ауданы болды.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы тақырыбы бойынша материалдарды әзірлеген:
Қ.САҒАТҰЛЫ,
Г.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
А.АХМЕТ
- Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған.
- Елбасы Жарлығымен 1995 жылғы 1 наурызда «Қазақстан халқы Ассамблеясын кұру туралы» этностық мэдени бірлестіктер формасындағы азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің әріптестік ұстанымын негізге алған елде этносаралық қатынастарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган құрылған болатын.
- 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», оның қызметін нормативті-құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін Заңы қабылданды. 2011 жылы 7 қыркүйектеҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен №149 Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ереже бекітілді.
- Әрбір облыс орталығында жэне Астана мен Алматы қалаларында облыстық (қалалық) Қазақстан халқы Ас-самблеясы жү_мыс істейді.
Аймақтардағы Ассамблеялар этномэдени орталықтардың қызметтерін жэне түрлі этностардың рухани-мэдени дамуын белсендіруге мүмкіндік жасайды. Республикада 321 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.