НАУРЫЗ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ҚОЙЫЛЫМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Аңыз әлемінде» атты арнайы театрландырылған қойылымдары басталды. Қойылым Наурыздың шығу тарихы туралы ежелгі аңыздың желісімен ұйымдастырылған. Наурыз мейрамына баталар, тілектер айтылып, балаларға ұлттық ойындар ойнатылып, шашу, қыздар мен жігіттердің бір-біріне селт еткізер мен ұйқыашар сыйлау, көрісу дәстүрлері көрсетіледі. Қойылымның мақсаты – Наурыз мерекесіне құрметпен қарауға, әлемде және Қазақстан жерінде достықты нығайтуға, ұлтаралық мәдени қарым қатынасты, бүлдіршіндерді қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Алғашқы күні Астана қаласының арнайы қажеттіліктері бар балалары шақырылды. Қойылымның соңында балаларға құрт, жент, тәттілер таратылды.

qazaquni.kz