Ұлттық домбыра күніне орай мүсіншілер байқауы өтеді

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалар аясында, 2018 жылы Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған болатын.

Аталған бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру және ұлттық мәдениет пен рухани беделімізді нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра ескерткіш композициясына байқау жариялайды. Байқауға Қазақстан Республикасының суретшілері мен мүсіншілер шақырылады.

Конкурсқа қатысушылардың еңбектері әлеуметтік желілерде (Facebook) жарияланады және дауыс беріледі.

Бізден қойылатын талаптар: ескерткіш 20 метр биіктікке сәйкес келуі, дыбыстық эффектілерді беруі және метал құрылғыдан жасалуы шарт. Ең үздік жұмыс ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алдында орнатылады. Байқау 24 наурыз күнінен басталады.

Барлық сұрақтар бойынша Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына хабарласа аласыздар...