Алматыда «Белорусия шығармашылығы мен тағдыры» атты дөңгелек үстел өтті
2019 ж. 01 наурыз
2591
0
Бүгін Алматы қаласындағы Достық үйінде «Белорусь мәдени орталығы», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты БҒМ ҒМ РК, Алматы қаласы ҚҒА Ғылыми-сараптамалық ұйымы, Қазақстан Жазушылар одағы, ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен «Белорусия шығармашылығы мен тағдыры» атты Халықаралық «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелді» Алматы қаласындағы Қазақстан халық Ассамблеясының секретариат меңгерушісі Н.А.Балғымбаев пен «Белорусь мәдени орталығының» аймақтық қоғамдық бірлестік төрағасы Л.Н.Питаленко алғысөзімен ашты.
«Дөңгелек үстелге» «Братство литератур в ХХI веке» атты баяндамасымен Қазақстан Жазушылар одағының әдеби байланыстар жөніндегі хатшысы, ақын, аудармашы, «Жібек жолы» баспа үйнінің директоры Б.М.Қанапиянов; «Белоруссия – край родной» атты баяндамасымен Алматы қаласының ҚХА төрағасының орынбасары, «Ирныхас» осетин мәдени-ағартушылық орталығының төрағасы, Алматы қаласының ҰЭТ-ның мүшесі К.В.Мамсуров; «Роль Ассамблеи народа Казахстана в развитии двусторонних научных и гуманитарных связей» атты баяндамасымен Алматы қаласы ҰЭТ-ның төрағасы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Саясаттану бөлімінің меңгерушісі М.С. Шайкемелев; «О научном сотрудничестве с белорусскими издательствами, научными изданиями» атты баяндамасымен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты А.Қ.Қалиева; «Беларусь в моем творчестве» атты баяндамасымен жазушы, Қазақстан Жазушылар одағаның мүшесі, филология ғылымдарының докторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас ғылыми қызметкері Н.Б.Ақыш; «Литературно-художественные журналы Казахстана и Беларуси: взаимное обогащение» атты баяндамасымен «Простор» журналының бас редакторының орынбасары, орыс әдебиеті мен әдеби байланыстар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Л.К.Шашкова; «Память, которая будет жить вечно» атты баяндамасымен Орталық-Азия университетінің әлем тілдері мен халықаралық байланыстар кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.К.Тусупова және т.б. қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында Любовь Шашкованың «Луг золотой» (Минск, 2018) өлеңдер жинағының, Светлана Ананьева мен Алесь Карлюкевичтің «Беларусь в творчестве и судьбе: Литературный диалог в пространстве и времени» (Минск: Издательский дом «Звязда», 2018) атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Сонымен қатар ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, ақын Ш.Сариев қазақ тіліне аударылған қазіргі белорусь ақындарының өлеңдерін оқыды.
Дөңгелек үстелдің модераторы – С.В.Ананьева, ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Сараптама және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қаласының ҰЭТ төрағасының орынбасары, «Белорус мәдени орталығының» аймақтық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Аталмыш іс-шараға Алматы қаласының этно-мәдени бірлестіктерінің басшылары, қаланың ғылыми және мәдени қауымдастықтарының өкілдері, жазушылар, ақындар, ЖОО студенттері қатысты.