«Этносаралық келісім – ұлт бірлігінің негізі» атты жастар форумы өтті
2019 ж. 20 ақпан
2630
0
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Этносаралық келісім – ұлт бірлігінің негізі» атты жастар форумы өтті.
Форум аясында «Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» атты жаңа модулдің тұсаукесері болды. Форумды салтанаты түрде ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев «Біз бірінші курс студенттері үшін 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Н. Ә. Назарбаевтың этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» атты пәнді енгіземіз. Бұл пән Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты дамып келе жатқан қоғамдық құрылымына арналған» - деп жиналған қауымға лебізін білдірді.
Форумға құрметті қонақ ретінде Божко Владимир Карпович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. Ол ҚХА мүшелеріне ҚР Президентінің қолы қойылған куәлікті табыс етті. Сондай – ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Қазақстанның Халық қаһарманы» Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев шақырылды. Ол өз сөзінде ҚР Сенатындағы депутаттық қызмет туралы әңгімеледі. Бұдан әрі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының республикалық қауымдастығының президенті, э.ғ.д., профессор, Башмаков Анатолий Афанасьевич «Қазақстандық бірегейліктің әлеуеті және қоғамдық сананы жаңғырту: синергия әсері» тақырыбында баяндама жасады. Этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Владимирович Мамсуров баяндап берді.
Барлық сөз сөйлеушілер «Н.Ә. Назарбаевтың этникааралық келісімнің қазақстандық моделі» модульдік-пәнді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, форумда Абай атындағы ҚҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Кан Георгий Васильевичтің баяндамасы ұсынылды. Ол өзбаяндамасының шеңберінде «Қазақтану» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ «Ұлтаралық саясатты жүзеге асыруда Президент қазақ халқының менталитетіне сүйеніп, оның басқа этностарға деген дәстүрлі толерантты көзқарасы қалыптасты. Бұл жоғары оқу орнында этносаралық келісім тақырыбы бойынша еліміздің тәжірибесін зерделеу пәні оқытылып жатқан алғашқы тәжірибе» екенін айта кетті.
Форум барысында университеттің «Бірлік» студенттік бірлестігінің құттықтау сөзі ұсынылды. Іс-шара форум қонақтарына мерейтойлық медальдар табыстаумен аяқталды.
Еңлік Ерболқызы,
qazaquni.kz