Тегін оқып үйренуге болады

Елорданың кез келген тұрғыны жасы мен ұлтына қарамастан қазақ тілін тегін оқыту курстарына жазыла алады. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылы елордалық ересек тұрғындарға қазақ тілін қарапайым деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгеру бойынша тегін оқыту курсына жазылу басталғанын хабарлады. Ведомствода мәлімдегендей, қазақ тілін меңгеруге арналған тегін курстар 2019 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында қаланның төрт ауданындағы оқу залдарында оқытылатын болады. Курс барысында тыңдаушылар қажетті оқу және көрнекі құралдарымен қамтылады. Курсқа жазылу және өзге де сұрақтар бойынша +7 (7172)77-93-37 байланыс нөміріне хабарласуға немесе ryhaniat@gmail.com электрондық поштасына хабарлама жолдауға болады.

qazaquni.kz