Қазақстандағы цифровизация. Онлайн технологиялар. Қолма-қол ақшасыз төлемдер.

2019 жылдың 6 ақпан күні Қазақ-Америка университетінде «Толық қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу: шындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге екінші деңгейдегі банктердің өкілдері, мемлекеттік органдар, бизнес, қоғамдық ұйымдар, ғылым және қаржы-экономикалық пәндер бойынша ҚАУ студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстанның қолма-қол ақшасыз экономикаға көшуі бойынша іске асырылған жобалар, онлайн-төлемдер үшін «Smart ұсыныстар» енгізу мәселелерді талқылады.

Қолма-қол ақшасыз экономика-көптеген мемлекеттердің ұлттық экономикасының айрықша ерекшелігі болып табылатын жаһандық дамушы үрдістердің бірі (Интернет, ұялы телефондар және басқа да қолданылатын құрылғылар).

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдық Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» 05.10.2019 ж. бастап қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың маңыздылығын атап өтті және қазақстандық бизнесте «қолма-қолсыз экономика» құруды ұсынды.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер цифрлық экономиканың бөлігі ретінде әлеуетті ашуға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен бірге күнделікті өмірімізді қауіпсіз, ыңғайлы жасап, жеңілдетеді.

Біздің еліміз барлық салада отандық экономиканы өзгертетін цифрлық экономикаға бетбұрыс жасады.

Соңғы екі жыл Қазақстандағы цифровизацияның өсуін, орта және кіші бизнес үшін қолма-қол есептердің кобеюін, ыңғайлы қызметтерді, қолма-қол есептің бонустарын алатын арнайы бағдарламаларға сұраныс бар екенін көрсетуде.

Қазақстандағы Ұлттық банктің мәлімдемесі бойынша қолма-қол төлеу 60%-ға өсу керек. Бәрі тұрғындардың өздеріне және кәсіпкерліктің субъектілерінің қаржы сауаттылығына байланысты. Қолма-қол төлемдердің үлкен пайдалануының ынталандыруы. Қолма-қол төлемдерді қолдану бойынша Онлайн қосымшалардың дамуы.

Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуда өндірістік шығындардың оптимизациясы, экономиканың ашықтығы және өсім тиімділігі мемлекетке, қоғамға, бизнеске пайда әкелетіні сөзсіз. Халықаралық тәжірибе инновациялық технологиялардың даму драйвері ретінде қолма-қол экономика болып табылатынын дәлелдейді.

Екі сағатқа созылған дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қолма-қол есептің жүйесін біртіңдеп енгізуге бағытталған бірлескен ұсыныстар, қолма-қол есептің қызметтерінің мониторингін, оның сапасын көтеру, кездесу бойынша ұсыныстар, сонымен қатар стартаптардың қолдауы және жастар арасындағы патриоттық тәрбиені қолға алу керектігі айтылды.

Дөңгелек үстелдің қатысушысы ретінде ҚАУ оқытушылары және студенттері, «Нұр-Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Almaty Tech Garden АҚ «BANKRBK» Автономиялық кластерлік қоры, «Банк ЦентрКредит» АҚ, Алматы қаласының Бостандық ауданы, «ARSISTEM.KZ», «Желтоқсан-86-Тәуелсіздік Қырандары», РОСВИВАЛК «АРДАГЕР», «Саткенов» ЖК, «Тлеуова» ЖК болды.