Кристиан Диордың музасына айналған қазақ қызы кім?
2019 ж. 31 қаңтар
3350
1
Әлемде сұлулар туралы көркем әңгімелер аз емес. Жиырмасыншы ғасырда жарқыраған жұлдыздардың ішінде Мэрилин Монро, Софи Лорен, Одри Хепберн, Грета Гарбо және т.б. бар.
Ал, сән әлемін бағындырған атақты француз киім модельері Кристиан Диордың есімін білмейтін адам кемде-кем. Оның сүйікті моделіне айналған Алла есімі аңызға айналған париждік модельдердің біріне айналды. Қазіргі таңда Алла Ильчунның түпкі тамыры қазақ екендігі мәлім болуда. Оның фотосуреттері жылдар бойы француздар мен шетел газеттері және заманауи жорналдардың беттерінен түспейтін.
Жалпы алғанда Алланың модельдік жолы 20 жылға созылды. Оның экзотикалық келбеті көрермендерді баурап, журналистердің назарын аударатын. Ал оның киген көйлектерін танымал актрисалар мен аристократия өкілдері сатып алатын. Алла Ильчунды «Шығыс інжуі», «Диордың сүйікті моделі» және модельерге халықаралық жетістік әкелген оның «музасы» деп атаған еді. Ал Christian Dior парфюмериясы әлемдегі сатылу көлемі бойынша төртінші орында тұр.
4 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «DIOR МУЗАСЫ. АЛЛА ИЛЬЧУННЫҢ ТАРИХЫ» Сән әлемін бағындырған тамыры қазақ бойжеткен» атты кітаптың тұссаукесері өтеді. Кітап авторы «Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының» негізін қалаушы Берлин Иришев.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметі