Димаш Құдайберген Астанада концерт береді
2019 ж. 29 қаңтар
2389
0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдағы жеке концертімді Астана күні мерекесін тойлауға сый ретінде Қазақстан халқына арнағым келеді. Мен мұны бұрыннан жоспарлап жүргенмін, енді міне мүмкіндік туды", - деді Димаш Құдайберген ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, концерт төрт-бес бөліктен тұрады. Бағдарламада қазақтың халық әндері, танымал композиторлардың шығармалары, сондай-ақ Димаштың авторлық туындылары да бар.
Концерт "Астана Аренада" өтеді. 2017 жылы Димаштың Қазақстан астанасында өткен концертіне 30 мыңға жуық адам келген еді. Еске салайық, наурызда әнші Кремльде жеке концертін береді.