Теменовтің туындысы «Үздік балалар фильмі» сыйлығына ие болды

Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» атты туындысы Бангладеш Республикасының Дакке қаласында өткен 17-халықаралық кино фестивальде «Үздік балалар фильмі» сыйлығына ие болды, - деп хабарлайды abai.kz.

Бұл фильм Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария арасында болған әсерлі оқиғамен өрілген. Фильмнің негізгі желісі - бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі арқылы өрбиді. Фильмдегі драматизм бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулерімен жалғасады.

«Біздің қаланың ханзадасы» фильмі - адамның адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жетуге болатынын көрсеткен.

Фильм 2018 жылдың қазан айында прокатқа шыққан болатын.