Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» атты туындысы Бангладеш Республикасының Дакке қаласында өткен 17-халықаралық кино фестивальде «Үздік балалар фильмі» сыйлығына ие болды, – деп хабарлайды abai.kz.
Бұл фильм Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария арасында болған әсерлі оқиғамен өрілген. Фильмнің негізгі желісі – бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі арқылы өрбиді. Фильмдегі драматизм бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулерімен жалғасады.
«Біздің қаланың ханзадасы» фильмі – адамның адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жетуге болатынын көрсеткен.
Фильм 2018 жылдың қазан айында прокатқа шыққан болатын.
Деңгейі төмендеп кеткен қазақ киносының абыройын көтереген режиссереге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Құтты болсын!