Джеки Чан Димашқа сыйлық жасады (фото)

Танымал актер Джеки Чан Димашқа сыйлық жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы әншінің өзі өзінің әлеуметтік желісіне жариялады.

Димашты Джеки Чан өзінің жаңа үнтаспасының тұсаукесеріне шақырған. Ол Димашқа сыйлығын сол кезде берген. Сондай-ақ Димаш та өз кезегінде сүйікті актеріне қазақша шапан жапқан.

"Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйіп өскен актёрым маған әрдайым көріскенде батасын беріп жол сілтейді. Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымдағы Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім. Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Куллі әлемді аузына қаратқан кісі осыншалық қарапайым болып жургендігі қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін", деп жазды Димаш.