Ел көңілін көркейткен "Екі езу" театрына 20 жыл
2018 ж. 13 қараша
4399
0
Биыл Ақтөбедегі "Екі езу" эстрада-миниатюралық театрына 20 жыл толып отыр. Көрермендердің көзайымына айналған театр ұжымы мерейлі мерекелерін Ақтөбеде ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында атап өтпек екен.
Бұл туралы театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан "Қазақ үні" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
[caption id="attachment_92508" align="alignright" width="256"] Н. Жұбатқан[/caption]- "Екі езу" театры 1998 жылы 21-ші наурызда Ақтөбеде алғашқы концертін қойған еді. Ол кезде театр емес, күлкі клубы ретінде құрылған. Кейін 2001 жылы "Екі езу" эстрада-миниатюралық театр болып мемлекеттің қарамағына көштік. Он бес жылдан кейін театр Т. Ахтанов атындағы облыстық театр құрамына қосылып кетті. Бес жыл бұрын мен облыс әкіміне хат жаздым. Соның нәтижесінде біз Ғ. Жұбанова атындағы өнер орталығы құрамына ендік. Құрамдағы шығармашылық топтың барлығы өнері өрге жүзге дарынды әртістер, - дейді театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан.
Оның айтуынша, театрдың мерейлі мерекесі өзге өңірлерде де кең аталып өтпек.
Енді біз театрдың мерейлі мерекелерін әрдайым атап өтуге тырысамыз. Мысалы, театрдың 10 жылдығын Алматыда, 15 жылдығын Ақтөбеде атап өткенбіз. Енді 20-жылдық мерейтойымыздың осы Ақтөбе қаласында атап өтпекпіз. Сатира жанры қиын жанр. Сондықтан, мерейтойды атап өту - әртістердің еңбегін бағалау үшін қажет. 20 жылдықтың аясында менің шығармашылық кешім өтеді. Кешке Бауыржан Ибрагимов, Асқар Наймантай, Асхат Тарғын бастаған танымал әртістер мен әншілер келіп қатысады. Ақтөбедегі концертпен шектейлмейміз деген жоспар бар, бұйыртса өзге де қалаларға гастрольдік сапармен шығамыз, - дейді Н. Жұбатқан.
qazaquni.kz