Қазақтың қайсар қызы - Алтыншаш Бейсембаева

Дәл осы кезде ортаға жұлқына шыққан, ақ көйлекті әдемі ару Целиноград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Николай Морозовтың жанына жетіп барып:

- Менің аты жөнім Алтыншаш Бейсембаева, - деді бастырмалатып, даусында білінер - білінбес діріл бар. Ерейментау - киелі өңір. Осы жер үшін батыр бабаларымыз жатжұрттық басқыншыларымен жан аямай, қан төкті. Бұл жер - ата бабадан қалған мұра. Қазақ тірі болса, мұны ешкімге бермейді ! Немістерді неге бұрыңғы мекеніне - Ресейге , Сібірге неге жібермейді ? Ашсын сонда мемлекеттігін ! Қазақ жерінде неміс автономиясы құрылады деген жарлық шыққан күні осы алаңға келіп, өзіме керосин құйып өртеймін ! Ерейментауды немістерге беру - қазақтардың жүрегін тірідей суырып алғанмен тең, кешірілмес күнә, ауыр қылмыс. Жерімнен жаным садаға!

- Ашуға булыққан бойжеткен сөзін аяқтай алмай жылап жіберді. Қаршадай қыздың жүрегін жарып шыққан жанайқайын естігенде, жиналған жұрт тебірене толқып, қозғалақтап кетті. Көбі арасында сезімдеріне ие бола алмай, қосыла жылағандар да болды".

Сүретте: Алтыншаш Бейсембаева, 1978 жыл. 

Хикаят "Ақиқат" журналынан алынды.