Дүние-жалған
Әбекең әрдайым ізгіліктің үлгісі болды
Ардақты жеңгей, қымбатты Рабиға, Нұрлан, туған — туысқандар! Əулеттерiңiздiң асқар таудай қамқоршы панасы, елдiң ақылгɵй ағасы , бiздiң ұлағатты ұстазымыз Əбдiмұса ақсақалдың бұл фəниден бақилыққа, мəңгi сапарына аттануына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, кɵңiлiмдi бiлдiремiн.
Қай сынақты болмасын сабырлықпен қарсы алып, тəубесiн ұмытпайтын мұсылман баласы ретiнде бiз бүгiн асыл ағаның жарқын бейнесi мен ɵнегелi iстерiн еске аламыз.
Əбекең осы ғұмырында талай сауапты iстердi атқарды. Мұсылманға қажеттi кɵркем мiнезi, қазақ баласына тəн дархандығы мен қамқоршылығы, ұстаз бен ғалымға тəн iзденiмпаздығы Əбекеңнiң ерекше қасиеттерi едi. 40 жыл бұрын бiздiiң. Жезқазған политехi студенттерiнiң сүйiктi деканы ретiнде үлгi-ɵнегесiн алғаш кɵрсете бастаған шақтардан бастап, кейiнгi əрiптестiк, армандастық, ағалы-iнiлi бауырластық қарым -қатынаста Əбекең əрдайым iзгiлiк, адамгершiлiк, сыпайылық үлгiсi болды.
Мыңдаған шəкiрттер тəрбиелеп, ел дамуына сүбелi үлес қосты. Жеңгей екеуi əулеттiң ғана емес, елдiң мақтанышы болар ұрпақ тəрбиеледi. Олар ұстазымыздың игi iстерiн жалғастырып, марқұмға кɵзi тiрiсiнде бақытты шақтарды сыйлады.
Ɵз ɵмiрiн сауапты ұстаздық пен ғылымға арнаған Əбекеңнiң елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнде мыңдаған шəкiрттерi бүгiнде сiздермен бiрге қабырғалары қайысуда. Əбекең сауапты iстерiмен бұл ɵмiрде ɵшпес iз қалдырды. Елге қажет маман дайындайтын еңселi бiлiм-ғылым ордасын құрды. Халықтар достығын нығайтуға тынбай еңбек еттi. Талай жетiм мен жесiрге қол ұшын созып,қайырымдылықты басты ұстанымының бiрiне айналдырды.
Əркiм ата-анасын нешеге келсе де қызығымды кɵрiп, қасымда болса екен деп тiлейдi.
Дегенмен, жазмыштан озмыш жоқ.
Əбекеңнiң топырағы торқа, иманы саламат, арты қайырлы болғай.
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың
Басқарушы комитетінің төрағасы,
Әлихан Бәйменов
Айтулы ғалым, абзал азамат еді...
Әйгілі ғалым Әбдімұса Қуатбеков ағамыз да өмірден өтті!..
Атақты ғалым, абзал азамат Әбдімұса Мұратұлы ағамыз 1942 жылы 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Ташкент мемлекеттік университетін, 1968 жылы Қазақстан ҒА-ның Химия ғылымдары институтының аспирантурасын бітірген.
Ол осынау ғұмырында бар өмірін білім-ғылымға арнады.Талантымен талай табысқа жетті. Химия ғылымының докторы болып, екінің бірі егелене қоймайтын П.Капица атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды. Шымкенттегі халықаралық «Достық» университетнің қазығын қағып, қаз тұрғызды. Бұл оқу ордасы қазір елімізге де, шетелдерге де белгілі университет.
Әбдімұса Қуатбеков сонымен қатар Жоғары ғылым академиясының академигі, Өзбекстан, Ресей, Нью-Йорк ғылым академиясының академигі, ҚР Жаратылыстану және Ресей педагогика және психология ғылымдары академияларының академигі. Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» және «А.Нобель» алтын медалінің, ОҚО сіңірген еңбегі үшін мерекелік медалінің иегері, Халықаралық Сократ комитеті Еуропалық бизнес ассамблеясының «The Name is Scinece» жүлдесінің иегері болды.
Әбдімұса ағамыз үлкенге ізетті, інілеріне ілтипатты еді. «Қазақ үні» газетіміз алғаш шыққанда университетке жаздырып алып, жәрдемін беріп жүрді. Мен 2004 жылы парламент депутаттығына кандидат болғанымда сенімді өкілім болып, Арыс ауданына өзі ертіп барып, баяндама жасап, ағайындарға таныстырып, қамқор болып жүрген еді. Газетімізге шыққан өткір мақалаларымыз туралы, қоғамдық-саяси өмір, білім-ғылым саласында талай пікірлерін ашық айтып жүретін еді. Университетте қаншама жағдайы қиын студенттерді тегін оқытып, озат студенттерге стипендия, гранттар тағайындап жүретінін де ел жақсы біледі.
Айтулы ғалым, абзал азамат Әбдімұса ағамыздың отбасы мен туған-туыстарының ауыр қайғысын бөлісіп, көңіл айтамыз.
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, жақсы да, жайсаң жан болып, ғұлама ғалым атанған асыл ағамыздың жарқын бейнесі ел есінде ұзақ сақталады.
Марқұмның жатқан жері жайлы болып, Алла алдынан жарылқасын! Алды пейіш, арты кеніш болғай! Иманы саламат болсын!
«Қазақ үні» газеті атынан, Қазыбек ИСА
Qazaquni.kz