МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАРСЫ ДЕПУТАТТАР(жалғасы). Төрге лайық төрт депутаттан басқаларының мемлекетшілдігі жоқ па?

Мемлекеттік тілді қолдаған 138 ұлт зиялысының Ашық хатына байланысты“Конституцияның мемлекеттік тілге тұсау болып тұрған орыс тілі туралы 7 бабы 2 тармағын алып тастауға қолдау білдіресіз бе?” деген сұрақпен Парламент Мәжілісі депутаттарына хабарласқанымызда, мемлекетшіл қайраткерлер, ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ЕРЛЕР  Нұртай Сабильянов , Жарасбай Сүлейменов, Нұрлан Өнербай, Құрманғали Уәлиден басқаларының бәрі қарсы болды. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да, «орыс тілі туралы Конституцияның 7-бабы, 2-тармағын алу әлі ерте» деп, шыж-быж боп, шала бүлінгендер көп. Тіпті, ішінде қазақ тілі үшін шырылдап сауал қойған қаршадай журналист қызға қара дүрсін дөрекілік көрсеткендер де кездесті. Ал қазақ тіліне келгенде Сенат төрағасы Қайрат Мәмидің “қайратсыздығы” мен Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың “оралымсыздығы” туралы “Жас қазақ үні газеті бұған дейін жазған болатын. Депутаттар Мұқтар Тінікеевтің орыс тілінің жолында өлердей қазақ тіліне қатты қарсылығы, Ирак Елекеев пен Бақыт Сыздықовалардың орыс тілі болмаса, өліп қала жаздайтыны баспасөзде аз жазылған жоқ.

Сонымен Мемлекеттік тілді қолдаудан қашқан Мемлекетіміздің депутаттары:

Асанов Тұрарбек Айсина Майра Араповна Алшымбаев Зейнулла Утежанович Әбенов Мұрат Абдуламитович Әйімбетов Сейсұлтан Сүлейменұлы Әлзахов Ерзат Уалиханұлы Әлімжанов Бекен Окенұлы Баймағамбетова Бағила Бектөреев Үстемір Бекенов Асқат Сәкебеденұлы Бекжанов Берік Айдарбекұлы Елекеев Ирак Касымович Есжанов Сауырбай Көлебайұлы Есілов Сансызбай Сейтжанұлы Жазин Аманжол Мұқамеджанов Орал Байгонусович Мырзахметов Шалатай Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы Сейтмағанбетова Гүлнәр Сүлейменқызы Сыздықова Бақыт Ахметовна Тінікеев Мұхтар Бакирович Тұрсынов Азамат Жанәбілұлы Халмұрадов Розақұл Сатыбалдиевич Омаров Ермұхамбет Омарұлы Өтегенов Амандос Жараспаев Әлияр Ибрагимов Сатыбалды Өтемісів Шавкат Нүкетаева Динар Оспанов Серік Самакова Айткүл Тілеубердин Алтай Ферхо Светлана Мәми Қайрат Әміров Иран Әмірұлы Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы

Жалпы, Мәжіліс депутаттарының саны 106, оның 28-і қарсы шықты, 4-і қолдады.  Қалған 74 депутаттың телефондары сөндіріулі немесе жауап бермейді. Көп депутаттар «Жас қазақ үні» газетінің атын ести сала жалма-жан телефон байланысын үзе салды. Біз олармен және  қарсы болған жоғарыдағы үшеуден басқа  Сенат депутаттарымен де алдағы уақытта міндетті түрде хабарласатын боламыз.  Сауалнаманың жалғасы келесі санда…

«Жас қазақ үні» газеті редакциясы  www.qazaquni.kz