«Шіріген жұмыртқа» сыйлығын ИРТЫШБАЕВтан басқа кімдер алады?
2011 ж. 01 қазан
2083
8



«Шіріген жұмыртқа» сыйлығының жаңа үміткерлері
Бүгін сыйлыққа кезекті кандидаттар анықталып отыр. Олар Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхаммет Ертісбаев пен шығармаларын орыс тілінде жазатын, ана тілін менсінбейтін жазушы Дүйсенбек Нақыпов және мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев. Ертісбаев «қазақстандық ұлт» идеясының белді қолдаушысы ретінде бұған дейін де танылған. «138-дің хаты» жарияланған тұста да үндемей, қарсы сөз айтпай отыра алмаған азаматтардың бірі осы космополит. Осындай дара қылықтары үшін Ертісбаев көпшіліктің арасында Иртышбаев деп аталып кеткен. Ұлттық мүддеге қарсылығымен жұрт назарын өзіне аударған Президент кеңесшісін «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына ұсынбау мүлде ұят сияқты. «Правда Казахстана» басылымының бетіне ұлт, тіл мүддесіне қарсы жұмыс істеп жүрген Дүйсенбек Нақыпов мырза да қалың бұқараның сын садағына қазақ тілін қорғаушыларға қарсы ауыр сын айтамын деп іліккен. Ол «Кому нужен разрушенный Вавилон?» атты мақаласында «Не знаю, какой бес попутал Мухтара Шаханова, но я по-настоящему поражен его популисткому шедевру. Никто не оспаривает значения поэзии почтенного мэтра, однако стоит задуматься о причинах, побудивших его инициировать это странное, чтобы не сказать антиконституционное письмо» деп буынсыз жерге пышақ ұрғанын қалың оқырман оқыды. Онысымен өзін толерантты қоғамның жаршысы ғып көрсеткісі келетін автор елдегі ұлтаралық катынасты тіліне қайта-қайта тиек еткен еді. Дүйсенбек Нақыпов мырзаға Ардақ Нұрғайдар есімді бауырымыз «Абай.кз» сайтында жауап жазған да еді.(http://www.abai.kz/content/ardak-nyrgaidar-ashyk-khat-kimderdin-kytygyna...). Өз қағынан жеріген Дүйсенбек мырза да «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын иеленуге талапкер кандидаттар қатарына енуге әбден лайық. Ұлт зиялыларының қазақ тіліне қатысты ашық хатына қос қолын көтеріп қарсы болған мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев те «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлердің қатарында. "Для меня спокойствие в стране прежде всего. (...) Я лично считаю, что русскоязычное население будет выступать против",- деген мәжіліс депутаты орыстілді қауым наразылығын алғашқы болып тұтандырды. Біз Мұхтар Тінекеевке орыстілді азаматтардың қандай алғыс айтқанын білмейміз, ал біз, қазақ тілді қауым оны «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлердің қатарына қостық. Ұйымдастыру комитеті