Ұлы Абайдың аты Қарашаңыраққа зор жауапкершілік жүктейді
2018 ж. 04 қазан
5987
0
ҚазҰПУ - 90
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің ректоры,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Такир БАЛЫҚБАЕВ мырзаға
Құрметті Такир Оспанұлы!
Қазақстанның«Ақ жол» Демократиялық партиясы Сізді және өзіңіздің ұжымыңызды еліміздің тұңғыш білім ордасы, қасиетті қара шаңырақ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылғанына 90 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Осынау оқу орнының ұлтымыздың ұлы ойшылы дана Абай атымен аталуының өзі, сондай-ақ бұл әйгілі білім ордасының бастау бұлағында Алаштың асыл перзенттері – Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Құдайберген Жұбанов, Ораз Жандосов, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедов, Темірбек Жүргенов сынды біртуар алып тұлғалардың тұруының өзі қанашама жауапкершілік жүктер еді. Адамзат баласының ғарышқа салынған жолы қасиетті Қазақ даласынан басталғанын ескерсек, осынау байтақ өлкеде алғаш шаңырақ көтеріп, әлемдік өркениет кеңістігіне түрен салған Сіздердің білім ордасынан бүгінге дейін мыңдаған мамандардың түлеп ұшуы көкейге зор сезімін ұялатады. Шәкірттеріңіз бүгін де Тәуелсіз Қазақ елінің қастерлі ұлттық идея, биік елдік мұраттар жолында ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің, әдебиеттің, халық шаруашылығы мен өндірістің барлық маңызды салаларында лайықты тер төгіп жүр. Сіздердің міндеттеріңіз осыдан тура он бес жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен білім шаңырағы «Ұлттық» мәртебесін иеленген соң еселеп арта түскені де анық. Ал бұл міндетті Сіздер дүниежүзіндегі айтулы жоғары оқу орындары деңгейінде абыроймен атқарып келесіздер. Бұған 2007 жылы 24-қыркүйекте университет жоғары білім көшбасшыларының Оксфордтағы саммитінде (Ұлыбритания) «ХХІ ғасыр көшбасшылары» бағдарламасы аясында «Біріккен Еуропа» және «Еуропалық сапа» тәрізді халықаралық марапаттарға ие болғаны дәлел. Дәл сол жылы университетке «Сапа саласындағы жетістігі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы, «Алтын сапа» белгісі тапсырылғаны белгілі. Тағы бір айтарымыз, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалык университетынын құрылғанына 90 жыл емес, 100 жыл деген дерек те айтылып та, жазылып та келеді. 1918 ылы Алаш арыстары Ташкентте казак педагогикалык курстар ретiнде ашып, совет укiметi кезiнде институтка айналдырады. 1925 жылы Ташкенттi озбектерге бергеннен кейiн, 1927 жылы Алматыга кошiредi. Ягни, Абай университетінің құрылғанына 100-жыл деп те айтуга толык құқығымыз бар. Құрметті Такир Оспанұлы! Мерейтойларыңыз құтты болсын! Біз, "Ақ жол" партиясы мен парламенттегі ақжолдық фракция депутаттарының атынан осынау шаңырақта өздеріңіздей білікті жетекшілермен тізе қосып, қанаттаса еңбек етіп жүрген көрнекті академик, профессорлар қауымына, оқытушыларға және студенттер мен осы оқу ордасының түлектеріне зор шығармашылық және отбасылық бақыт тілейміз! Қастерлі ұстаздық жолда талмай еңбек етіп, Ұлт игілігін еселей берулеріңізге барлық ынта-ықыласымызбен тілектестік білдіреміз! Әрдайым шырқау биіктерден көріне беріңіздер деп, Ақ жол тілейміз! Құрметпен, Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаты Qazaquni.kz