Меценат Нұрлан Смағұловтың жеке коллекциясындағы отандық суретшілер туындыларының көрмесі ашылды
2018 ж. 28 қыркүйек
2625
0
ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында жеке коллекция туындылары көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға өнер қайраткерлері, жетекші өнертанушылар мен шығармашыл зиялы қауым өкілдері қатысты.
"Мен Эдуард Казарян, Алмагүл Меңлібаева, Асқар Есдәулетов, Дулат Әлиев, Асқар Есенбаев, Андрей Нода сияқты суретшілермен кездестірген тағдырыма дән ризамын. Олардың әрқайсысы кескіндеме мен мүсіндегі өздерінің қайталанбас жеке стилі арқылы қазіргі заманғы өнер тілінің байлығы туралы түсінігімді кеңейтті», дейді салтанатты шара барысында коллекционер Нұрлан Смағұлов.
Ол өнер саласындағы "Тарлан" сыйлығын қолдаған талантты суретші Әбдірашит Сыдыханов туралы да тебірене сөз қозғады. «Ол – мен үшін қазақ сурет өнерінің үлкен әріппен жазылатын өкілі. Оның өмірінің соңғы күніне дейін әдемі қарым-қатынаста болғанымды мақтан тұтамын», деді Н.Смағұлов.
Коллекциянердің шығармалар жинағын өнертанушылар Орта Азиядағы ең ірілерінің бірі ретінде бағалайды. Әр шығарма – бірегей, сонымен бірге олар көп қырлы және біздің өміріміздің тұтас бейнесін жасайды.
"Өнердегі өмір" атты Нұрлан Смағұловтың жеке коллекциясындағы қазақстандық суретшілердің шығармалары, расында керемет әсер сыйлайды. Экспозицияға коллекцияда ерекше рөл атқаратын және Қазақстанның бейнелеу өнерінің әртүрлі тарихи кезеңдердегі қалыптасу үрдістерін бақылауға мүмкіндік беретін алпысыншы жылдардағы қылқалам шеберлерінің жұмыстары қойылған. Сонымен қатар мұнда көрнекті қазақстандық суретшілермен жасалған баспа графикаларының көптеген туындылары бар, көрермендер бұл туындыларды тамашалап, айрықша сезімге бөленетініне күмәнім жоқ", дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Галерея экспозициялары тұрақты түрде ауысып тұрады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көрмеге еркін барып, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады.
"Өнердегі өмір" экспозициясы 2018 жылдың 21 қарашасына дейін күн сайын сағат 9:00-ден 20: 00 аралығында жұмыс істейді. Кіру тегін.