Мақпал Жүнісова боқтауды кімнен үйренгенін мойындады
2018 ж. 16 шілде
6820
0
Осыдан бірнеше жыл бұрын аэропортта Мақпал Жүнісованың белгісіз жігіттерді боқтаған видеосы тарап кеткен болатын. Жақында ғана дәл сол видеоны желіге жүктеп жібергендерге Жүнісова «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында былай деп жауап берді.
«Ана жерде жылағым келіп тұр менің. «Әй, қарақтарым бұларың не» деп сыбырлап тұрғанмын ғой. Сөйтсем, «білмеймін мен сізді түсірем деп айтқан жоқ» деп бастықсымақ біреу шала сөйлеп тұрғанда, мен боқтап жібердім. Ол боқтықты мен 2-кластың балаларынан үйрендім. Маған 2-кластың балалары солай боқтап жүретін. Ашудан жаман сөз айтып қойдым. Оған енді кінәлімін. Ал, оны біреулер Youtube-қа ішіп алған, мас екен деп салып қойған. Масқара ғой!», - деп ренішін білдірді әнші.