
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мерейтойының қарсаңында өтіп жатқан шараларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2018 ж. 11 маусым
1534
2
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мерейтойының қарсаңында өтіп жатқан шараларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Елордамыздың 20 жылдығына арналған іс-шараларға шетел әртістерінен гөрі, отандық орындаушыларды көбірек қатыстыру қажет», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетсек, 9 маусым күні «Барыс» аренада «Денис және оның достары» атты Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған шоу өткен-ді. Аталған мұз айдынындағы қойылымға Канада, АҚШ, Жапония, Қытай, Америка, Франция, Италия және Германия мемлекеттерінің өкілдері қатысты.