Осы әннің шығу тарихы мен шындығын білуімізге 22 жыл керек болды! - блогер

[caption id="attachment_85807" align="aligncenter" width="700"] Коллаж авторы: Ғазиз Оспанов[/caption]

Өмір қызық. Дəйек пен дүдамал қатар жүретін. Ақиқаты айқындалғанша күмəнді ойлар атойлай береді.

"Құдаша қыз" əні шығып хитке айналған тұста, бұл халық əні екен деген əңгіме шықты. Уақыт өте келе бұл қырғыз əні екен деген жел сөз өрбіді...

Авторларына қарасам біреуі мықты ақын, екіншісі айтулы сазгер. Біреуден бірдеңе көшіре қоятындай жандар емес. Таланттары бір бастарына жетіп артылады... Əрі тамаша əнді қырғыздардікі деуге де іштей қимайсың...

Міне, "Құдаша қыз" əнінің сөзін жазған ақын Қазыбек Иса  «ҚҰДАША ҚЫЗ» әні қалай шықты?.." деп, əннің шығу тарихымен бөлісіпті.  Көңілдегі күпті ойлардың тұманы сейіліп, ақиқаты айқындалды.

Сонымен "Құдаша қыз" əнінің сөзін жазған ақын Қазыбек Иса, əуенін жазған Бауыржан Тұрғараев.  Әнді  әйгілі еткендер - "Нұр Мұқасан" тобы.

Осы əннің шығу тарихын, ақиқатын білуімізге аттай 22 жыл керек болды!

Ғазиз ОСПАНОВ, Фейсбук парақшасы