Айгүл Иманбаева клипте өз ұлының досымен төсектес болып ойнаған (ВИДЕО)

3
16362

Танымал отандық әнші Айгүл Иманбаева жуырда Прагада түсірілген бейнебаянын қалың тыңдарманға таныстырды. Әдеттегідей, көрерменнің пікірі қақ жарылды. Бірі бейнебаянды мақтаса, енді бірі Айгүлдің клипте жас жігітпен төсектегі көрінісін сынап тастады.

Осыған орай танымал әнші «Время» басылымына сұхбат беріп, мән-жайды өзі түсіндіріп берді.

– Мұндай талапты менің шоу-бизнестегі продюсерім болып табылатын Баян Алагөзова қойды. Клипте менің сүйіктімнің рөлін сомдайтын жігіт қазақ болмауы керек болды. Бейнебаян Прагада түсірілгендіктен, актердің жол шығындарына қаржы жұмсамау үшін сол жерден табуға бел будық. Баян алдын-ала Прагада оқып жатқан ұлым Асылжанға тапсырма беріп, бойшаң, сымбатты, сақал-мұрты келіскен, жасы 35-40 шамасындағы актерді табуды сұрады. Ұлымның есінде «сақал-мұрт» деген сөз ғана қалды ма, әйтеуір, 25 жастағы жігітті ертіп әкелді. Оның есімі Владислав Гогулинский, ұлты – украин, студент, ұлымның досы. Алғашында аздап ыңғайсыздандым, алайда мен актер ретінде образды сомдауым керек болды. Бүгінде әлеуметтік желіде «Ұлты қазақ емес, әрі жас жігітпен қалай төсек рөлін сомдайсыз?» деп жазғанда «Мен актрисамын. Менің мамандығым маған сондай мүмкіндік береді» деп жауап беремін.

«Сонда сіз бұл провакацияға саналы түрде бардыңыз ба?» деген тілші сауалына әнші бұл мәселеге аса бас қатырмайтынын айтты.

– Мен әртіспін. Көп адам менің театрда сомдайтын рөлдерімді көрмеген болар. Мен министрдің қызын, нашақорды, тіпті, жезөкшені де сомдап, сахнада шылым шегемін, – деп жауап берді.

3 ПІКІРЛЕР

  1. Танымал әншінің қылығы дұрыс болмады осы жолы, жастарға үлгі боларлық емес. Енді қыздарымыз бұны норма ретінде қабылдайды қайран елім қазағым, қазақ дәстүрі

  2. Айгул Иманбаеваның бұндай мағынасы саяз өлеңге қыруар қаржы жұмсап, болмашы бейнебаян түсіргені обал болды ай. Айгул Иманбаева бұндайлардан жоғары тұруы тиіс еді. Әттең, сән қуған продюсерлердің талабы не істпетпейді…

  3. Қазіргі өнер саласындағы Айгүл тектес өнер иелерінің барлығы ұрпақтың руханиятын улап, болашақтың тамырына балта шауып жатыр. Олар жас буынның алдында күнәлі!
    Мына Айгүл дегеннің бейнебаяны секілді «былжырақтар» қыздарымыздың ойын бұзып, жамандыққа бастайтын нағыз лас жол. Қазір ақымақ әншілер шетелде бейнебаян түсіруді «сәнге» айналдыруда. Оданша, халық әндерін, Отан, ел мен жер туралы әндер айтып, Қазақтың шексіз ғажайып, кең байтақ даласының сұлулығы мен байлығын, ауылдағы ағайынның өмірін неге көрсетпейді…
    Бұгінгі эстрадасымақ әншілар Қазақтың руханиятын да, өнерді де әбден қорлады. Қанша айтып жатса да бұларға сөз өтпейтін болды. Сондықтан, жас буынды жолдан тайдыратын осындай «былжырақтарға» заңмен тиым салу керек.
    Аралас некеге қарсы қаракет жасай алмай жатқанда, бұлар насихаттап жанталасуда. Онымен қоймай, «жігіт басқа ұлт болуы керек» деп Баян талап қойды дейді, Сұмдық!
    Баян деген «халық жауы» қарап жүрмей өзгелер арқылы да ұлттың бұзылуына қарсы насихат ұйымдастыруда.
    Әйтеуір, өзге ұлтқа әбден мазақ болдық. Одан соң өзге ұлт бізді сынаса «ала тайдай тулаймыз». Бәріне өзіміз кінәліміз. Мынандай «сорақылықтарға» тосқауыл қоймасақ, тіліміз де, дініміз де, діліміз де жалаңаштанады.
    Ей, Айгул, сенің мына «масқараңды» көрген жас буын не тәрбие алады деп ойлайсың, айтшы!
    ӨНЕРДЕГІ ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫ ӘБДЕН ШАРШАТТЫ-АУ!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз