Елордада «Әлем астаналарының шежіресі» халықаралық көрмесі өтеді
2018 ж. 28 сәуір
3158
0
Үстіміздегі жылдың 21-22 мамыр күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әлем астаналарының шежіресі» атты Халықаралық көрме өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында қазір көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған байланысты Ұлттық академиялық кітапхана Астананың 20 жылдығына орай халықаралық деңгейде 5 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Аталмыш көрме тарихи мұраны насихаттауға бағытталған, сондай-ақ, Қазақстанның мәдени және тарихи құндылықтарының халықаралық маңызын арттыратын ірі мәдени-имидждік жоба болмақ.
Іс-шараны іске асыру барысында Астана тұрғындары мен қонақтарына
әлемнің ірі кітапханалары арнап астаналарды көшірудің әлемдік хроникасы туралы ақпараттарымен таныстыратын болады. Сонымен қатар, әлем елдерінің тарихын анықтауға үлес қосқан шығармалар мен еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысы бар жазба мұралар туралы мол мағлұмат беретін сирек басылымдар мен фотоколлекциялардан құралатын деректі көрмелер ұйымдастырылады.
Іс-шараға шетелдік 40 қатысушы, еліміздің аймақтарынан 60 қатысушы, Астана қаласындағы ғылыми және шығармашылық ортадан 150 зиялы мен астана қонақтары қатысады.