Әбдіжаппар Әлқожа: Ауылымызды Өзбекстан тартып алды, оған Жоғарғы билік кінәлі
2018 ж. 20 сәуір
9613
9
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа “Жұлдызды жекпе-жек” жобасы аясында ел арасында қылаң берген алып-қашпа әңгімелердің нүктесін қойды. Әнші не себепті жоба кезінде қарсыласына әнін сыйламағанын түсіндіріп, өзін “өзбекстандық әнші” деп атағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Instagram желісінде шоу-бизнес өкілдері жайлы ақпарат тарататын парақшалардың бірі: “Өзбекстандық Әбдіжаппар Әлқожа қазақстандық әншіге әнін сыйламады. Ол өзінің қандай екенін көрсетті. Бұл да жұлдыз болып қалыпты ғой. Біздің парақша тек шындықты жазады. Өлсеңдер өліп кетіңдер, бірақ Әміре деген жігіт жеңді. Ал Әміре құтты болсын, халық сені таңдады”, – деп жазба қалдырған. Ал аталған сайыста әнші Әбдіжаппар Әлқожа жеңіске жеткен болатын.
Өзгенің сөзі намысына тиіп кеткен Әлқожа бұл сынға жауап берді.
“Сауатты тыңдармандарымнан ұяламын! Қазіргі таңда инстаграм желісінде Статистикасы көтерілу үшін, рейтингімен охваты көп, лайк пен подписчигі көбейсе болды өлуге дайындай тірлік істейтін парақшалар көбейді.соның бірі @kaz_zhuldyz. Сен кімсің? Мейлі ғой жақсы ақпарат беріп халықты алдамасаң! Мынауың сенің алаяқтық қой. Өзбекстандық дегеніңе, мен иә, шекарада өскенмін. Бірақ Қазақстанда қазақ болып, қазақша оқып Қазақстанда өскенмін. 2009 жылы ауылымызды Өзбекстан тартып алды, 5 ауыл совхозбен қосып. Оған мен емес Жоғарғы билік кінәлі. Мен 2008-ден бері Алматыдамын.
Жекпе жек туралы. Ол жерде ел сыйлаған ағалар әпкелер болды. Мен жеңісті сатып алатындай олар маған сатыла қоятын да жандар емес. Әділдікті қалады және ол болды. Әміреге әңгімем жоқ мықты әнші талантына нұр жаусын. Бірақ Жекпе-жек конкурс емес, байқау емес! Бағдарлама, шоу. Ол жерде қызықты өнер мен қызықты пікірталас болады. Менде жатып алып айта аламын конкурс болса, жәй ырғақты әндерді. Мен стилім қалыптасқан әншімін. Маған секіру керек маған билеу керек.
Қай конкурстын әншісін көрдіңіз Темпі +140 Ән айтқанын.Мен халық ішінде тойда концертте жүрген адаммын.Үйімде жатып алып дайындалуға уақытым жоқ.Сол Жекпе жекке де ұйықтамай Қызылордадан келгенмін зорға үлгеріп.Егер біреу Конкурсқа кетесің дайындал ел намысын көтер дейтін болса Әңгіме жоқ тойды да Концертті де тоқтатып дайындалар едім.Әміре өз бабындағы әнші:.Славян базарына барса тек сәттілік тілеймін. Көк туды көтерсін.
Әнді сыйламау жайлы. Әні сөзі: Аян Сейітов айтыскер ақын бауырымдікі. Әннің шыққанына 10-жыл болған. Өзіне ең ұнайтын әні. Мен сұрадым өтініп, берді. Шынайы өмірден алынған ән бұл. Енді мен әр бағдарламада әнді сыйлай берсем сол дүниені шығарған Авторы қайда қалады? Әннің қасиеті қайда қалады? Демек әнге мен емес жауабы мен рұқсатын беретін адам басқа. Өз сөзім …..Маған бүйтіп қалыпты үйтіп қалыпты. Позор-мозор жеген жарнама қажет емес мен елдің баласымын мені ел әніммен көтерген. Болмысыммен таниды. Мен біреудің проектісі емеспін шоу мен қара пияр болса болды”, – дейді әнші Instagram-дағы парақшасында.