Аллаға деген махаббат адамды нұрландырады
2018 ж. 22 қаңтар
9979
2
Осыдан екi жыл бұрын...
Ақпан айында көктайғақ болды...
Қатқан мұздың үстiне жауын жауғасын тайғанақтадық та қалдық...
Күн жұма болатын.
Таң намазы мен құптан намазын мешiтте оқитын сексеннiң сеңгiрiне шыққан Смайылхан көкем жұма намазына аяңдап келе жатып аяғы тайып кетедi...
20-30 қадамға дейiн ерiксiз сырғанап, жол жиегiне соғылып қатты жарақат алады.
Мешiтке бiр сағаттай бұрын барып үйренген ақсақал келген жедел жәрдемдегi дәрiгер қызға:
- Қарақтарым, менi жұмадан қалдырмаңдаршы. Бұл менiң Алламен сырласатын ең қымбат уақытым ғой, аптасына бiр келетiн... Жарамды сосын таңарсыңдар...- дептi, жүзiнiң қанын қармен тазалап, сүртiп отырып...
...Оншақты күннен соң ауруханадан шықты. Сынған кеңсiрiгiне операция сәттi жасалып, қалыпқа келiптi.
Келесi жұмада жүзi жарқырып мешiтке кетiп бара жатты...
Мен көкемнiң нұрлы жүзiн көрiп, жүрегiм төңкерiлiп түскендей күй кештiм. Жанарымнан жас парлады... Оны көкеме көрсетпедiм. Өзiмдi өзiм ұзақ уақыт тоқтата алмадым...
...Аллаға деген махаббат адамды осыншама нұрландырады екен ғой...
Сол күнi кешке жүзiм жасқа шыланып, "Қартым мешiтке кетiп барады"- деген ән жаздым. Сөзiн- оқиғаның барлығын түгел баяндап, Бiржан шәкiртiме жаздырдым. "Заман" тобы орындады. Кейiн, клип түсiрдiк...
...Бүгiн сол Смайылхан көкемнiң жаназасына кетiп барамын...
...Ұшақ Шымкентке қонды...
Сағат 3- те жаназасын шығарамыз деп белгiлептi...
Бұл жазбаны ұшақта отырып жаздым.
...Лықсып жас келiп тұр...
...Жолаушылардан ұятты...
...Үлкен адаммын ғой...
...Көкемнiң жаны ЖАННАТТА болсын...