Димаш Құдайберген - Өз үйіңде оянған қандай ғажап!
2018 ж. 16 қаңтар
4966
6
Өткенде Димашқа амандасып, барып қайттық. Біздің алдымызда əлем мойындаған мегажұлдыз емес, қарапайым, кəдімгі өзіміз білетін Димаш отырды. "Көп адамдардың маған деген көзқарасы өзгеріп кетті. "Дəке" деп амандасатындар да бар. Мен баяғы Димашпын ғой, аға" — дейді ол.
Түн ортасына дейін əңгімелестік. Көптеген қызықтарды айтып, ішек-сілемізді қатырды. "Ақтөбені қатты сағыныппын. Əлемде дəл осындай ыстық жер жоқ. Өз үйіңде оянған қандай ғажап! Тұрсам, мамам (əжесін айтады - Б.Б.) кухняда бірдеңе пісіріп жатады. Барып, оны иіскеп-иіскеп кетемін..." — дейді Димаш. Көршілерінің бəріне сəлем беріп, кіріп шығыпты. Қаланы да аралаған. Өнер орталығы ұнапты.
"Аға, "Айнамкөзді" шығарсам ба деймін..." — деді əңгіме шығармашылығына ауысқанда. Басқа да көп жоспарлары бар екен.
Алла тіл-көзден сақтап, дегеніне жеткізсін.
Бауыржан Бабажанұлы, Фейсбук парақшасынан