Театр директоры Жапония мәдениет қорының Басқарма төрағасымен кездесті
2017 ж. 21 желтоқсан
2314
0
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл Жапония мәдениет қорының Басқарма төрағасы Хироясу Андо мырзамен кездесті.
Тараптар екіжақты мәдени байланыс, әсіресе театр саласындағы өзара қарым-қатынасты дамыту жайлы сөйлесті. Болашақта Жапония мамандарымен тәжірибе алмасу, драматургия, режиссерлік шеберлікті дамыту бағытында өзара келісімге келді. Андо мырза бұл жолғы кездесуді Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдениет, театр саласының дамуына ерекше ықпал ететінін атап өтті.
qazaquni.kz